ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Майқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Майкарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Майкарагай а.
+7 (718) 394 22 03
maykaragai@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Майқарағай жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Майкарагайская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Басшы білім беру ұйымы туралы мәліметтер

Кеңес беру орталығы

Кеңес беру орталығы 2

Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) және отбасы жағдайында тәрбиеленетін балаларға арналған консультациялық пунк туралы

ЕРЕЖЕ

1.1. Отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункт сайтта және мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын Павлодар қаласы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің «Нығманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» жанындағы «Балдырған» шағын орталығында ұйымдастырылады.

1.2. Консультациялық пункт мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.3. Консультациялық пункт ата-аналар (заңды өкілдеріне) және білім беру мекемесіне бармайтын балалар үшін жасалады.

1.4. Осы ереже мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (бұдан әрі - МДБМ) жұмыс істейтін Консультациялық пункттер қызметтерін реттейді.

1.5. Консультациялық пункт мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуында отбасыға көмек көрсету нысандарының бірі болып табылады.

2. Консультациялық пункттің жұмыс істеу мақсаттары мен міндеттері

2.1.Консультациялық пункті отбасы мен қоғамдық тәрбиенің бірлігін және келісімдігін қамтамасыз ету, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, білім беру мекемелеріне бармайтын балалардың жан-жақты дамуына демеу болу мақсатында құрылады.

2.2. Консультациялық пункттің негізгі міндеттері:

МДБМ бармайтын балалардың дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етуде, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;

Мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиесі, оқытуы мен дамуының әртүрлі мәселелері жөнінде ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;

МДБМ бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтенуіне көмек көрсету;

МДБМ және балалар мен ата-аналарға (заңды өкілдеріне) әлеуметтік және медициналық жәрдем беретін өзге де ұйымдар арасында өзара әрекеттестік қамтамасыз ету болып табылады.


3. Консультациялық пункт қызметін ұйымдастыру

3.1. Сайтта және МДБМ-де қажетті консультациялар, ата-аналар (заңды өкілдерінің) сұранысы бойынша жеке және топтық консультациялар беру, жазбаша өтініш, телефонмен хабарласу, білім беру мекемесі сайтының жұмысын ұйымдастыру арқылы және т.б. бойынша сырттай консультациялар ұйымдастыру - консультациялық пункт қызметінің негізгі нысандары болып табылады.
3.2. Консультациялық пункт ата-аналарға (заңды өкілдеріне) өзінің консультациялық көмегін мынадай мәселелер бойынша жүзеге асыра алады:

Балалардың жас және психикалық ерекшеліктері;

Мектепте оқуға дайындық;

МДБМ-не бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу бұзылуын алдын алу;

Балалардың шынығуы мен сауықтыруы үшін жағдай жасау.

3.3. Консультациялық пункт айына 1 рет консультация түрінде сайтқа жаңа ақпарат орналастырады және әр апта сайын мына телефондар:
бойынша хабарласып, керекті ақпаратты алып немесе өз проблемаңызды хабарлауыңызға болады.

3.4. Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру мамандар: әдіскер, (аға тәрбиеші), басшы, медициналық қызметкер, логопед қызметтерінің бірлестігі негізінде құрылады.

Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультация беру бір немесе бірнеше өкілдерімен бір уақытта өткізілуі мүмкін.

3.5. Консультациялық пункттің қызметін белгілеу үшін мынадай құжаттарды жүргізу қажет:

Консультациялық пункттің жұмыс жоспары;

МДБМ басшысымен бекітілген Консультациялық пункттің жұмыс кестесі.

 

 

 

Балалары білім беру мекемелеріне бармайтын,
ата-аналарға арналған консультациялық пункт

Құрметті ата-аналар!

Павлодар қаласы, Аққулы ауданының білім беру бөлімінің «Майқарағай жалпы білім беретін орта мектеп» жанындағы «Ақбота» шағын орталығында балалары білім беру мекемелеріне бармайтын, ата-аналарға арналған консультациялық пунк ашылды.

Егер сіздің балаңыз балабақша не болмаса шағын орталыққа бармайды және сізде баланың тәрбиесі мен дамуына байланысты сұрақтарыңыз болса, онда Сіз біздің консультациялық пункте келіп, баланың тәрбиесі мен оқытуы және дамуы мен сауықтыру мәселелері бойынша әдіскерден,медбикеден, психолог пен тәрбиешілерден консультациялық және тәжірибелік көмек алуларыңызға болады.

Біздің консультациялар ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, баланың жан-жақты дамуына жәрдемдесуге бағытталған.

Консультациялық пункті мамандарының жұмыс кестесі

№ Маманның Т.А.Ә. қызметі Консультацияның өткізілу күні мен уақыты
«Балдырған» шағын
орталығы Б.М.Солтаниманова - ОЖДО
С.Бекетаева - медбике Сәрсенбі,жұма
11.00-ден 12.00 –ге дейін
«Балдырған» шағын
орталығы Л.Н.Кунакова - ТЖДО
Д.Ахмекенова - психолог Сәрсенбі, жұма
17.00-ден 18.00-ге дейін

 

Консультациялық пунктте көмек ТЕГІН көрсетіледі!

 

 

 

 

 

 


«Майқарағай жалпы орта білім беру мектеп» жанындағы
«Ақбота» шағын-орталығы

 

АҚЫЛ-КЕҢЕС БЕРУ ПУНКТІ
(АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН)

 


2023-2024 жыл

 

© 2024. Все права защищены.